Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүргізілуде

Сурет: Астана әкімдігі
Астананың коммуналдық қызметтері қыс басталғалы бері күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп келеді. Күн сайын қала көшелерінен ондаған жүк көлігімен қар шығарылуда. Мәселен, өткен түнде елордадан 33 рейспен арнайы полигондарға 402 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 17 қараша таңертеңгі уақытта қар тазалау жұмысына 3 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 803 арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер көше мен тротуарларды тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін техникалық тұзбен өңдеуге ерекше назар аударады.

"Қысқы маусым басталғалы бері Астанадан 294 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 63 558 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең",- деп мәлімдеді әкімдік.

Белгілі болғандай, алдымен негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда қар күреу жұмысы жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, көшеде және тротуарларда абай болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Бұған дейін Астанада полицейлер ірі көлемде қарызы бар борышкерді анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі