Қазақстанда 580 адам "Гонконг тұмауына" шалдықты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 19 қарашада Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, республикада жыл сайын 3–4 миллион ЖРВИ жағдайы және 2 мыңға дейін тұмау тіркеледі.

"Биылғы эпидемиологиялық маусымның басынан бері елде 1 461 819 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Өткен 2024–2025 эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 20% азаю байқалады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 963 847 жағдай тіркелген. Соңғы аптада республикада 183 074 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл өткен маусымның сәйкес аптасына қарағанда 16% көбейген", – деді Әлназарова.

Министр сондай-ақ "Гонконг тұмауының" жай-күйін айтты.

"Эпидемиологиялық маусым басталғалы 590 зертханалық расталған тұмау жағдайы тіркелді, оның ішінде А типі (H3N2) – 587, А типі (H1N1) – 3 жағдай. Биылғы жылы тұмау 41-аптада, яғни қазан айының бірінші жартысында анықталды, бұл өткен маусымға қарағанда сәл ерте. Қазақстан аумағында бұрын айналымда болмаған жаңа тұмау түрлері анықталған жоқ", – деді министр.

Бұған дейін біз Астанада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті