ШҚО-да есірткіні аса ірі мөлшерде таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, облыс прокуратурасының үйлестіруімен, синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде жасырын таратумен айналысқан көршілес облыстың 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден ақ түсті ұнтақ салынған полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Одан кейін оның тұрғылықты жерін тексеру кезінде қызғылт түсті ұнтақ салынған тағы бір пакет, сондай-ақ есірткіні бөліп-қаптауға арналған құралдар — бес электрондық таразы мен арнайы қаптамалар анықталды.

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың мефедрон (496,71 г) және "А-PVP" (581,13 г) сияқты психотроптық заттар екенін растады.

Бұған қоса полицейлер күдіктінің жасырын орындарының бірінен шамамен 500 грамм синтетикалық есірткіні қосымша тәркіледі.

Жалпы алынған есірткінің салмағы 1,5 келіден асып, бұл шамамен 5 000 бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны 34 млн теңгеден жоғары бағаланады. Тергеу барысында күдіктінің қазан айында өңірге келіп, қаланың түрлі аумақтарында есірткіні жасырын орындарға кезекпен қоюмен айналысқаны анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі қолдану мен оны тарату – адамның денсаулығына залал келтіретін, бостандықтан айыратын және қоғамға зор қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық екенін ескертеді.

Тұрғындардан кез келген күмәнді жағдайды немесе бейтаныс азаматтардың күдік тудырған әрекеттерін дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты