Қазақстанның қай өңірлерінде жалақыны кешіктіру жағдайы жиі орын алады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов 2025 жылғы 20 қарашада ОКҚ-да өткен брифинг барысында жалақы бойынша қарыздары бар кәсіпорындар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейрамбек Ахметовтың айтуынша, жалақы уақытылы төленбеген жағдайда айыппұл қарастырылады.

"Мұндайда біз жұмыс берушіні ӘҚБтК-нің 86-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, яғни айыппұл салынады", - дейді ол.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері еңбекақы бойынша 2,3 млрд теңгеден астам берешек анықталды. Мемлекеттік инспекторлар оның 2 млрд теңгесін немесе 86%-ын өндіріп берді. Бақылау шараларының нәтижесінде шамамен 50 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды.

"Бүгінгі таңда ағымдағы және мерзімі өткен берешек 63 кәсіпорында 1 302 жұмыскер алдында 971,6 млн теңгені құрайды. Ең жоғары берешек Алматы облысында – 195,6 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 140,5 млн теңге, Астана қаласында – 124 млн теңге тіркелген", - дейді ол.

Бұдан бөлек, банкроттық немесе оңалту рәсімдеріндегі 57 кәсіпорында 1 502 жұмыскер алдында 1 405,1 млн теңге көлемінде еңбекақы бойынша берешек сақталуда. Ең ірі қарыз көлемі Алматы облысының кәсіпорындарында – 384,4 млн теңге, Қостанай облысында – 287,1 млн теңге және Шығыс Қазақстан облысында – 181,9 млн теңгені құрады.


"Бір ай, кейде екі-үш ай жалақы төлебейтін кездер болады. Бұл, көбіне проблемалық кәсіпорындар. Көбіне олар банкроттық жариялауға дайындалады, кейде оңалту шараларынан өтіп жатады. Яғни, проблемалық, шоттары бұғаттаулы, мүлкі де жоқ, төлейтін ештеңесі жоқ дегендей", – дейді Ахметов.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев 2025 жылғы 19 қарашада палата пленарлық отырысында жалақыны кешіктірген жұмыс берушілерге айыппұл енгізуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды