Қазақстанда әлеуметтік осал азаматтарға несие бойынша 3 айлық жеңілдік беріледі

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда кейбір азаматтарға несие немесе микрозайм төлемдерін кейінге шегеру құқығы беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Дамиля Байдилдаева 2025 жылғы 21 қарашада бұл тәртіпті түсіндірді.

Оның айтуынша, банктер мен микроқаржы ұйымдары әлеуметтік осал топтағы (ӘЖТ) азаматтарға және төтенше жағдайдан зардап шеккендерге кемінде үш айға комиссиясыз кейінге шегеру ұсынуға міндетті.

"ӘЖТ санатындағы қарыз алушының өтініш беруден бұрынғы екі айдағы орташа табысы соңғы 12 айдағы табысынан 30%-дан көп төмендеген болса, кейінге шегеру қарастырылады", – деді Байдилдаева.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған жағдайда да төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі бар.

Бұған дейін Қазақстанда несие алу шарттарының қатаңдағаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды