Биыл Жамбыл облысында көлік апатынан 141 адам қайтыс болған

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында былтыр жол апатынан 185 адам ажал құшса, биыл 141 азамат опат болған. Өңірдің бас полицейі өзі бастап, тас жолдағы тәртіпті қадағалады.

Қызметкерлердің құрылғыларын қарап, көлігіне дейін көз жүгіртіп шықты. Жаңа алынған жабдықтардың ұтқырлығын байқады. Генералдың сөзінше, апаттың басым бөлігі түн ортасы мен таңға жуық болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, енді аймақта автобустар мен жедел-жәрдем көліктеріне айыппұл жазатын камералар орнатылмақ.

"Автокөліктерге орналастырылған құрылғылар жол ережесін бұзу фактілерін 2-3 есе көп тіркеп жатқандығы бәрімізге белгілі. Бұл жердегі мәселе барлығына айыпұл салып, бәріне хаттама толтыру емес. Біз бүгін "Заң мен тәртіп" қағидасы шеңберінде жалпы халықтың осы жол үстінде жол ережесін сақтасын деген мақсатта жұмыстарды атқарудамыз." Қайсар Сұлтанбаев, облыстық Полиция департаментінің бастығы

Бүгінде облыстағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автодәлізі бойына қашықтықтан бақылайтын дрон да жұмылдырылған. Пилотсыз басқарылатын құрылғы автобан бойын 15 шақырымға дейін бақылап, әуеде 40 минут ұша алады. Ал жыл басынан бері дрон көмегімен 400-ден астам көлік жүргізушісінің қарсы бетке шығып кеткені анықталған.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды