Алматыда полицейлер 9 келі гашиш тәркіледі: екі күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда полиция қызметкерлері Алматы мен Астана қалаларына аса ірі көлемде есірткі жеткізумен айналысқан адамдар тобын әшкереледі.

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іс-шараларын жүргізді.

Алматылық жедел уәкілдер іссапармен Астана қаласына барып, қылмыстық схеманың негізгі екі қатысушысын ұстады. Күдіктілердің жалдамалы пәтеріне жүргізілген тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған сөмке табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы шамамен 9 келі болатын гашиш екені анықталды.

Екі күдікті де Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық байланысты, жеткізу арналары мен заңға қайшы әрекеттердің басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған топтың ұсталуына жедел уәкілдеріміздің үйлесімді, тиянақты және кәсіби жұмысы себеп болды. Біз өңірге есірткі жеткізу арналарына жүйелі түрде тосқауыл қойып, аса ірі көлемдегі партияларды тәркілеуді және ұйымдастырушыларды бейтараптандыруды жалғастырып келеміз. Есірткі қылмысы — қоғам үшін елеулі қауіп, ал біздің басты міндетіміз — азаматтар арасында тыйым салынған заттардың таралуына жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады, — деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды