Теракт пен жарылғыш зат жайлы жалған ақпарат хабарлаған жасөспірімдер тұтқындалды

Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі жастар арасындағы киберқылмыспен, оның ішінде "swatting" деп аталатын (теракт, жарылғыш зат қойылды деген немесе өзге де төтенше оқиғалар туралы жалған хабарламалар) құқыққа қайшы әрекеттермен күрес мәселелеріне ерекше назар аударуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністері жедел-іздестіру шаралары барысында мектептер мен сауда-ойын-сауық орталықтарына жарылғыш зат қою туралы жалған хабарламалар таратқан адамдарды анықтап, ұстады.

"Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы ІІМ киберполиция қызметкерлері Шешен Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Қазақстан аумағында теракт туралы жалған ақпарат таратқан Ресейдің кәмелетке толмаған азаматын құрықтады, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Өскембаев.

Сондай-ақ:

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Ішкі істер министрлігі "swatting" және төтенше жағдайлар туралы кез келген жалған хабарлама ауыр қылмыс болып саналатынын және 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске салады. Ата-аналарды, педагогтарды және жастарды күмәнді интернет-трендтерге ермеуге және мұндай "әзілдердің" қоғамға да, жасөспірімдердің тағдырына да зиян келтіретінін ұмытпауға шақырамыз", – деді Аслан Өскембаев.

Бұған дейін Алматыда 3 миллион теңгелік айыппұлы бар автобус анықталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты