Алматыда полиция борышкерлерді іздестіріп жатыр

Сурет: ҚР ІІМ
Әкімшілік айыппұлдар, алимент өндіру, сондай-ақ салықтық берешектерді өтеу мақсатында 2025 жылдың 25-28 қарашасы аралығында Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаменті мен Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасымен бірлескен "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Борышкерлер автоматтандырылған полиция жүйелері арқылы анықталады.

Берешек толық өтелгенге дейін олардың көлік құралдары мамандандырылған айыптұрағына орналастырылады.

Іс-шараның алғашқы күні айып тұрағына алимент және айыппұл қарыздары жалпы шамамен 6 миллион теңгені құрайтын 5 көлік құралы қойылды, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция тұрғындарды жеке жауапкершілікті арттыруға, жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтауға және құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді