Пәтерлердің қымбаттауына алғышарттар жоқ – министр

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың 2 желтоқсанында үкіметтегі брифингте 2026 жылы пәтер бағасының қымбаттауы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер кейбір сарапшылардың "тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін өседі" деген болжамын министрге жеткізді.

"Біз, министрлік ретінде, жекеменшік құрылыс компанияларының бағасына тікелей әсер ете алмаймыз, бұл – нарық заңдылығы. Егер сұраныс болса, сұраныс артса, нарықтық заң бойынша баға да өзгереді. Егер пәтерге сұраныс жоғары болмаса, онда баға да соған қарай өзгереді – бұл нарық заңдары. Болжам жасау – мен үшін өте жауапсыз іс. Қазір нарықта белгілі бір ажиотаж бар, оны, мүмкін, құрылыс компанияларының өздері пәтерлерін тезірек сату үшін күшейтіп отырған шығар. Соның салдарынан халық арасында "тезірек сатып алу керек" деген пікір қалыптасады", – деді Нағаспаев.

Оның айтуынша, бағаға әрдайым ең алдымен ажиотажды сұраныс әсер етеді.

"Меніңше, қазір нарық дәл осы ажиотажды сұранысқа байланысты қызған. Мен бағаның сіздер айтып отырғандай 30-40% өсетіндей алғышарттарын көріп тұрған жоқпын. Ондай себептерді байқамаймын. Бұл – нарықтық механизмдер, оған жеке өзім де, министрлік ретінде де ықпал ете алмаймыз. Біз тек әлеуметтік тұрғын үйге әсер ете аламыз. Онда барлық бағаны бақылауда ұстаймыз, бағаның өсуіне жол бермейміз", – деп министр сендірді.

Бұған дейін электр энергиясының шекті тарифтері 7 жыл бойы өспейтіндігін жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты