Алматыда ЖҚАЖ қызметкерлері адам өмірін сақтап қалды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы полиция департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасағы теміржол станциясы "Алматы-1" аумағында суицидке әрекет жасаған ер адамды құтқарып қалды.

Оқиға туралы хабар жасақ қызметкерлеріне жолдан өтіп бара жатқан азаматтан түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қолында пышағы бар, эмоциялық күйзеліс салдарынан өз-өзін ұстауға қабілетсіз азаматты анықтады.

Ер адам не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмаған. Полиция жауынгерлері жағдайды жедел бақылауға алып, ер адамның өзіне зиян келтіруіне жол бермеді және айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Кейін ол медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

"Біздің қызметкерлер өте жылдам әрі сақ әрекет етті. Ең бастысы, адам өмірін сақтап қалу болды. Азаматтың қырағылығы мен ЖҚАЖ жауынгерлерінің жедел жұмысының арқасында қайғылы жағдайдың алдын алдық, — деді Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ командирі Азамат Исергужин.

Алматы қаласы полиция департаменті бейжай қарамай, уақытылы хабар берген тұрғындарға алғыс білдіреді және азаматтарды өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін кез келген жайт туралы дереу "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды