SINOOIL дәстүрлі жанармай құю бекетінің тәжірибесін қалай өзгертіп жатыр

Сурет: Алена Велиляева SINOOIL үшін
Бір кездері көлікке жанармай құю ұзақ кезектерді, төлем әдістерінің қолайсыздығын және сенімді отын іздеуді қажет ететін. Бүгінгі таңда жағдай өзгерді. Жүргізушілер мінсіз қызмет көрсетуді, жылдамдықты, қарапайымдылық пен сапа кепілдігін күтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы 20 жылда жанармай нарығы ережелерін өзгертіп келе жатқан брендтердің бірі – SINOOIL жанармай құю бекеттерінің желісі.

Алғашқы бекеттерден республикалық желіге дейін

Компания тарихы 2002 жылдың қарашасында бірнеше бекет пен стрессіз жанармай құю, сапардың жайлы болуының бір бөлігі деген идеяға сенген командамен бірге басталды. SINOOIL – екі онжылдық өткен соң еліміздің 16 өңірінде шамамен 200 заманауи ЖҚБ-терін ашып, күн сайын мыңдаған жүргізушіге қызмет көрсетіп отырған ірі желі.

"Бүгінгі таңда компанияда 2000-нан астам қызметкер жұмыс істейді. Олар желінің үздіксіз қызмет жасауы мен жоғары сапалы қызмет көрестуді қамтамасыз етеді. Халықаралық компаниялар тобына кіруінің арқасында SINOOIL жаһандық тәжірибеге, заманауи технологияларға және жанармаймен сенімді қамтамасыз етуге қол жеткізді. Бұл халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсету желісін құруға мүмкіндік берді". Сату және маркетинг департаментінің директоры Данияр Садыков

Сурет: Алена Велиляева SINOOIL үшін

Уақыт пен жүйкені үнемдейтін технологиялар

Жанармай құю енді кезек күтіп, кассада уақыт жоғалтатын күнделікті күйбең емес. SINOOIL жүргізушілердің әдетін өзгертіп, жанармай сатып алу процесін барынша қарапайым ететін сервистерді қосып келеді.

Сурет: Алена Велиляева SINOOIL үшін

"Бұл жобалардың әрқайсысы қосымша әрекеттерді азайтып, жанармай құюды жылдам әрі ыңғайлы, ал процестің өзі заманауи және технологиялық болуына ықпал етеді", – деп нақтылайды Данияр Садыков.

QUAT - жолда сезілетін жанармай

Технологиялар маңызды, алайда жүргізуші үшін бастысы – бакқа құйылатын жанармай болып қала береді. SINOOIL сапаға басымдық береді: немістік қоспалы QUAT атты жеке жанармай бренді АИ-92, АИ-95 және дизель түрлерінде ұсынылған.

Қоспалар жүйені тазартуға, шығынды азайтуға және қозғалтқыштың кез келген климаттық жағдайда тұрақты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Көптеген жүргізушілер педальдың жылдам реакциясын және жанармай құю арасындағы жүріс қашықтығының артқанын атап өтеді – бұл өнімнің шынайы жол сынақтарынан өткеніне дәлел болады.

Тағы бір бәсекелестік артықшылығы – жанармайды дәл құю. SINOOIL бекеттерінің барлығы сертификатталған өлшеуіш жүйелерімен жабдықталған, олар үнемі сынақтан және техникалық калибрлеуден өтеді. Сонымен қатар компания жанармай цистерналарының жағдайына да мән береді: олар тұрақты бақылауда болып, үнемі техникалық қызмет көрсетуден өтеді.

Сурет: Алена Велиляева SINOOIL үшін

"Мұндай кешенді тәсіл жанармай сапасын жоғары деңгейде сақтауға, қызметтің тазалығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Жүргізушілер әрқашан төлеген өнімі мен мөлшерін дәл алады, бұл оларға жолда сенімділік пен тыныштық сыйлайды", – деп анықтайды Данияр Садыков.

AQJOL - әр сапардағы қолайлылық

Заманауи ЖҚБ – бұл тек жанармай мен технология ғана емес, сонымен қатар аялдаманы шынымен ыңғайлы ету мүмкіндігі. Міне, сондықтан SINOOIL қызмет көрсету экожүйесінің маңызды бөлігіне айналған AQJOL минимаркет желісін дамытуда.

Мұнда жүргізуші жолда қажеттінің бәрін тез сатып ала алады: сусындардан, снектер мен жаңа дайындалған кофеден бастап, тұрмыстық қажетті заттар мен автоаксессуарларға дейін. Дүкендер "барлығы қолжетімді" принципі бойынша жұмыс істейді – супермаркетке кіріп-шығудың немесе қосымша тоқтап, уақыт жұмсауды қажет етпейді.

Өнімнің сапасы мен балғындығына ерекше назар аударылады: ассортиментте тек сенімді брендтер мен халықаралық стандарттарға сай өнімдер бар. Бұл тұтынушылардың сенімін арттырады және жүргізушілерге деген мұқияттылық пен қамқорлық сезімін қалыптастырады.

Сурет: Алена Велиляева SINOOIL үшін

Осылайша, AQJOL – жай ғана минимаркет емес, SINOOIL философиясының жалғасы: уақытты үнемдеу, жайлылық ұсыну мен сапардың әр кезеңінде қолайлылық жасау.

Жанармай құю – жайлы сапардың бір бөлігі ретінде

Бүгінгі таңда SINOOIL – жай ғана ЖҚБ-тер желісі ғана емес. Бұл технологиялар, сервис және жанармай сапасы бірігіп, жүргізушінің уақытын үнемдеуге және сапарды ыңғайлы етуге арналған платформа. Әрбір жаңа бекет заманауи стандарттар бойынша салынады: кіру ыңғайлылығы, жылдам қызмет көрсету, цифрлық төлем әдістері және жоғары сапалы жанармай.

Компания экологиялық таза шешімдерді белсенді түрде енгізуде, жабдықтарын жаңартуда және желілер мен цифрлық шешімдерді одан әрі кеңейтуді жоспарлауда. Жоспарларға FacePay қызметін кеңейту, операцияларды автоматтандыру және ЖҚБ-теріндегі уақытты бос өткізудің орнына сапардың ыңғайлы бөлігіне айналдыратын жаңа non-oil-сервис форматтарын енгізу кіреді.

SINOOIL бүгінгі таңда:

SINOOIL – ауқым, инновация және қазақстандық жүргізушілердің сенімі

"Автомобилисттер SINOOIL-ды тек жанармай үшін ғана емес, сондай-ақ сенім үшін таңдайды: мұнда олардың уақытына мән беріледі, жайлылыққа көңіл бөлінеді және жолды жағымды ететін сервис ұсынылады", – дейді Данияр Садыков.

Оның айтуынша, компания жылдам, технологиялық тұрғыдан дамыған және тұтынушыға бағытталған жаңа жанармай құю мәдениетін құра отырып, алға жылжуды жалғастыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды