Қазақстанда қолма-қолсыз төлемдер рекорд көрсетті

Фото: Zakon.kz
"Қолма-қолсыз" төлемдер жалпы операциялар саны мен карталарды шетелде пайдалану көрсеткіші бойынша бірден екі рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел ішінде операция көбейіп жатыр, бірақ өсім неге жоқ?

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында Қазақстанда жергілікті және шетелдік банктердің карталары арқылы 1,2 млрд-тан астам қолма-қолсыз операция жасалған. Бұл — тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Өсім қарқыны да қалыпты: айына +4%, жылына +8%.

Бірақ, бірінші кредиттік бюроның дерегіне сүйенсек, транзакция сомалары бойынша рекорд орнамаған. Айлық көлем 16,8 трлн теңгені құрап, +7% (м/м) және +9% (г/г) номиналды өсім көрсетті.

Мәселе мынада: жылдық номиналды өсім (+9%) инфляция деңгейінен (қарашада 12%-дан жоғары) төмен болды. Сондықтан бағаның өсуін есепке алғандағы нақты көлем шамамен 3%-ға қысқарды. Яғни операция саны көбейгенімен, ақшаның нақты сатып алу қабілеті төмендеген.

Ал шетелде бәрі басқаша

Екінші рекорд шынайы өсімді көрсетіп отыр – ол қазақстандық карталардың шетелде қолданылуына қатысты:

Шетелдегі транзакциялар сомасы - 425,4 млрд теңге. Ұлттық валютаның долларға қатысты әлсіреуін ескергенде, жиынтық нақты өсім 7% болған.

Ішкі нарықта нақты ақшалай айналым қысқарғанымен, сыртқы нарықтарда қазақстандық тұтынушылардың шығыны мен белсенділігі едәуір өсіп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін