Астана мен Ақмола облысында кешке қарай көктайғақ болады

Закрытая трасса, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, заносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2026 17:24 Фото: Zakon.kz
Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, жаңбыр жауды. Алайда кешке қарай күн суытып, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар автожолдарға шығатын жүргізушілерді сақ болуға шақырды.

Ұлттық компания өкілдері көлігінде қысқы дөңгелек жоқ жүргізушілерге қала сыртына шықпауға кеңес берді.

Сондай-ақ жол жағдайына қарай жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтық сақтау, күрт тежелуден, жолақты оқыс ауыстырудан және орынсыз басып озудан аулақ болу қажеттігін ескертті.

Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде мұз қату қаупі жоғары. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен бағыттағы жол жағдайын тексеру ұсынылды.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: