Тәртіпке бағынбаған жүргізуші айыппұл арқалайды

Фото: Zakon.kz
Қатты боран, көктайғақ немесе жолдың нашар көрінуі кезінде тәртіпке бағынбай жолға шыққан көлік жүргізушісіне айыппұл салынады.

Жол жабық болатындығы алдын ала ескертілсе де, кей жүргізушілер алыс сапарға шығудан бас тартпайды, дейді Төтенше жағдай мамандары.

Ескертуге құлақ аспағандар 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлемек, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатыр қыстың күні алыс жолға шығатын кез келген көлікте болуы тиіс құрал жабдықтарды атады.

"Ұзақ жолға шығарда көлікте міндетті түрде резеңке-техникалық жабдықтар, жылы киім, азық-түлік, апаттық белгілер, байланыс құралдары, қуаттағыш болуы керек. Қалай дегенмен, қауіпсіздікке бей-жай қарамай, тұрақсыз ауа райы кезінде ұзақ жолға шықпаған абзал. Өкінішке қарай, ескерту айтылып жатса да, оған құлақ аспайтын жүргізушілер бар." Магомет Ахриев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма бастығы

Қыс басталғалы 1200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Қыс басталғалы құтқарушылар жолда қалып қойған 1200-ге жуық адамды қар құрсауынан құтқарған, оның 130-ы бала. Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық аумағында жедел құтқару штабтары жұмыс істеп тұр.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті