Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Алматының 2026-2030 жылдарға арналған жаңа даму жоспары Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерге негізделген. Құжат шаһардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Негізгі басымдықтар қатарында көлік жүйесін жан-жақты дамыту, қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, экологиялық бастамаларды қолдау, цифрлық трансформацияны жеделдету және қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделген.


"Алдағы бес жыл ішінде Алматының жалпы өңірлік өнім көлемін 70 трлн теңгеге дейін, яғни шамамен екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр", – деді қала басшысы.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін