Алдағы күндері Қазақстанда аяз −35 градусқа дейін күшейеді

Фото: Zakon.kz
Алдағы үш тәулікте, яғни 2025 жылғы 20–22 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағында ауа райы күрт өзгеріп, құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық өңірлерінде қалың қар күтіледі. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашын аралас болады, жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда да мол қар түсуі ықтимал.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы күрт төмендеп, −5 градустан −18–30 градусқа дейін құбылады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аяз −33–35 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Ал еліміздің өзге аумақтарында ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.

Бұған дейін Астана, Алматы қалаларында және елдің 16 облысында 19–21 желтоқсан күндеріне арналған дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды