Ақтөбеде колонияға майонездің ішіне телефон жасырып өткізбек болған

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде колонияға тыйым салынған заттарды жасырын кіргізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

Полицияның хабарлауынша, мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері алдын ала алынған жедел ақпарат негізінде мекемеге келіп түскен сәлемдемеге мұқият тексеру жүргізді. Тексеру барысында майонездің ішіне жасырылған Samsung ұялы телефоны анықталып, дереу тәркіленді.


"Аталған тыйым салынған затты мекемеде қамауда отырған танысына жасырын түрде өткізбек болған Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті материалдар жинақталып, заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолданды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұялы телефондар мен өзге де байланыс құралдарын кіргізуге қатаң түрде тыйым салынған. Мұндай әрекеттер мекеменің белгіленген режим талаптарын бұзып қана қоймай, құқыққа қайшы іс-әрекеттердің орын алуына себеп болуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді