Бағдат Мусин Қазақстанда нейрочиптерді енгізу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді

Сурет: Instagram/bagdatmussin
"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин нейротехнологиялардың дамуы және оларды Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол бұл жөніндегі мәлімдемесін 22 желтоқсанда өзінің Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Қытай ғылым академиясының ғалымдары нейрочиптің жұмысын көрсеткен. Бұл чиптің көмегімен адам компьютер экранындағы курсорды, мүгедектер арбасын, роботтандырылған қолды және тіпті робот-итті басқара алады. Аталған технология сал ауруына шалдыққан науқасқа сәтті түрде сыналған.

"Қытайлық ғалымдар Neuralink компаниясындағы имплантқа қарағанда көлемі екі есе кіші чип жасап, оны сал ауруына шалдыққан пациентке енгізе алды. Ол үшін бас сүйегін небәрі 5 миллиметр диаметрде тесу жеткілікті",- деп жазды Мусин.

Ол әзірлеушілердің мәліметінше, нейрондық сигналды қабылдаудан бастап сыртқы құрылғылардың пәрменді орындауына дейінгі кідіріс 100 миллисекундтан аз уақытты құрайтынын атап өтті.

"Бұл көрсеткіш сау адамның миынан бұлшық еттерге баратын табиғи сигналдан да жылдам. Мұндай технологиялар Қазақстанда да шындыққа айналуы мүмкін. Сондықтан біз кадрлар мен инфрақұрылымды қазірден бастап дайындауымыз керек. Ерекше қажеттіліктері бар отандастарымыз ең заманауи оңалту әдістерін пайдалана алуы тиіс", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Дональд Трамптың Қазақстан президентіне Ақ үйдің символикалық кілтін сыйлағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді