2026 жылы бизнеске шамамен 24 млрд теңге субсидия қажет болады

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылға арналған мемлекеттік қолдау аясында бизнестің қажеттіліктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған "Ауыл аманаты", "Бір ауыл – бір өнім" сияқты бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар өңдеуді, қолөнерді және жергілікті ресурстарға негізделген шағын өндірістерді дамытуға бағытталған.

"Аталған бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жобалар, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жобалары да, бірыңғай "Іскер аймақ" бағдарламасы шеңберінде қосымша қолдауға ие бола алады. Олар субсидиялар, инфрақұрылымдық және қаржылай емес мемлекеттік қолдау алу кезінде басым тәртіппен қаралады", – деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін несиелердің жылдық жалпы көлемі шамамен 400 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.

"2026 жылға арналған субсидиялауға деген жылдық қажеттілік шамамен 24 млрд теңге. Ал алғашқы жылы 5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетіледі деп күтіліп отыр. Бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысады", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін мемлекет 2026 жылы бизнеске қосымша қаржылай қолдау көрсететіні хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды