Шұбаркөл көмірі тапшы ма - Қарағандының өзінде ұзын-сонар кезек түзілді

Фото: Zakon.kz
Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері Қарағандыдағы Шұбаркөл қимасындағы ұзын-сонар кезек пен көмірдің жоқтың қасы екенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көмір кезегін күткен жүргізушілер орындарынан екі тәулік бойы жылжымағандарын айтып отыр. Кеніш елді мекендерден алыс болғандықтан, жүргізушілердің отын мен азық-түлік қоры таусылып жатқан көрінеді. Ал, КТК тілшілеріне компания өкілдері көмір қоры жеткілікті екенін айтқан. Кезек тек сұраныстың күрт өскеніне байланысты қалыптасқан. Мәселен, тек бір аптаның ішінде жүк көліктерінің саны үш еседен астам өскен.

"Көмірді тиеу белгіленген кезектілікке сәйкес жоспарлы режимде жүргізіліп жатыр. Мәселен, кешенің өзінде 41 самосвал жөнелтілді. 22 желтоқсанда түнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша келген автокөліктердің саны 56 бірлікке дейін өскен. Жөнелту штаттық режимде жалғасады". "Шұбаркөл Көмірі" АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басшысы Гүлфаризат Оразбай

Бұған дейін Абай облысында жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды