Елордада аспаздың сөмкесінен тыйым салынған заттар анықталды

Фото: Zakon.kz
Республикалық "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу мақсатында, елордалық полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде автобус аялдамасынан қолында барсеткасы бар ер адамды байқап, тексеру үшін тоқтатты.

Жеке тінту барысында сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 7 орам марихуана, сары түсті сұйық консистенциялы гашиш майына тән иісі бар 20 пластик құты, сондай-ақ өсімдік тектес қою сұр түсті өзіне тән иісі бар 10 орам каннабис шайыры табылды.

Ер адам өзінің аспаз болып жұмыс істейтінін айтып, бұл заттарды "тағамдарға арналған дәмдеуіштер" деп түсіндірген. Оның елордадағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтіні расталғанымен, тәркіленген заттардың тағам өнімдеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Полиция есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, азаматтарға тыйым салынған заттарды сақтау және тарату үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша