Бас прокуратура Қазақстандағы инвестор құқықтарын қорғауды күшейтуде

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасында Инвестициялар комитеті және "Kazakh Invest" ұлттық компаниясының өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жиында инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство еске салғандай, 2025 жылғы 17 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Инвестор құқықтарын қорғау комитеті құрылған болатын.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық омбудсмен функциялары Бас Прокурорға жүктелді. Өңірлерде инвестициялық прокурорлар жұмысын бастайды.

Жаңа Комитеттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

Кеңесте сөз сөйлеген Бас Прокурор Берік Асылов:"Қадағалау шаралары нысаналы әрі алдын алу сипатында болуы тиіс. Біздің міндетіміз – құқықбұзушылықты болғаннан кейін жазалау емес, заңсыз шешімдердің алдын алып, әділеттілікті уақтылы қалпына келтіру", – деп атап өтті.

Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша кешенді шараларды іске асырып жатқаны атап өтілді.

"Прокурорлық сүзгі" тетігі енгізілді, ол инвесторлардың құқықтарын қозғайтын мемлекеттік органдардың шешімдерін прокурормен міндетті түрде келісуді көздейді. Аталған тетік енгізілген сәттен бастап прокурорлармен 1 100 шешім келісілмей қайтарылып, 400 тексеру, 480 әкімшілік іс жүргізу және 210 өзге дешектеу шараларының жолы кесілді.

Нәтижесінде азаматтық даулардың саны 32%-ға, ал инвесторлардың соттарға жүгінуі 33%-ға қысқарды.

Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ірі халықаралық және жоғары технологиялық инвесторларды қолдауға бағытталған "Жасыл дәліз" тетігі іске асырылуда. Бұл тетікке 137 инвестициялық жоба енгізіліп, олар бойынша 16 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Аталған механизмді одан әрі кеңейту жұмыстары жалғасуда.

"Қазіргі уақытта прокурорлар жалпы құны 76 трлн теңгені құрайтын 1 790 инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Жалпы сомасы 23 трлн теңге болатын жобаларды іске асырып жатқан шамамен 2 мың инвесторға нақты құқықтық көмек көрсетілді." Берік Асылов

Прокурорлық қадағалау шараларымен кәсіпкерлердің әкімшілік кедергілер мен негізсіз созбалаңға қатысты 145 проблемалық мәселесі шешілді.

Инвесторлардың өтініштерін қарау кезінде жол берілген созбалаңдық пен кедергілер үшін 326 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Кеңес қорытындысы бойынша инвестицияларды қорғау саласында мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нақты жолға қою және жауапкершілік аймақтарын айқын бөлу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Атқарылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты – Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау, өндірісті дамыту және Қазақстан Республикасына инвесторлардың сенімін нығайту екені атап өтілді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Асылов Берік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды