Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2025 жылғы 27 желтоқсан, сенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға бойынша,

"Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз, бірақ аязды ауа райы болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және жел күшейеді".

Метеорологтардың мәліметінше, тек елдің батысында, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ал елдің шығыс аймақтарында түнгі уақытта қалың қар жаууы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 27-29 желтоқсан аралығында еліміздің үш ірі мегаполисіндегі ауа райына болжам ұсынған еді. Астанада жауын-шашынсыз ауа райы сақталса, Алматыда қар, ал Шымкентте жаңбыр жауады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі