Еліміздің жеті қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 28 желтоқсанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 28 желтоқсанда Астана, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған", делінген синоптикалық хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Қала тұрғындарына сыртта, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластанатын көздер маңында ұзақ болмауға кеңес беріледі. Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ала жүру ұсынылады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын. 

Қарағанды
Өскемен
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды