Астанада автобус аялдамасын бүлдірген азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Елордада полицейлер автобус аялдамасының павильонына зақым келтірген ер адамды қысқа мерзімде анықтап, ұстады.

Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз азамат автобус аялдамасының шыны құрылымын сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Алайда аталған азамат алысқа ұзай алмады. Полицейлер жедел әрекет етіп, құқық бұзушыны анықтап, ұстады.

Анықталғандай, 33 жастағы елорда тұрғыны алкогольдік масаң күйде аялдама павильонының құрылымын беріктікке сынап көрмек болған.

Бұл әрекеті оның әкімшілік жауапкершілікке тартылуына себеп болды. Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Полиция қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттігін еске салады.

Қала мүлкін бүлдіру барлық азаматтарға және қаланың келбетіне зиян келтіреді. Кез келген құқық бұзушылық пен келтірілген шығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды