Қазақстанда отшашу саудасы дүркіреп тұр

Фото: Zakon.kz
Отшашу - Жаңа жыл мерекесі алдындағы ең сұранысы жоғары тауарлардың бірі. Бұл күндері елордадағы пиротехника сататын дүңгіршектер маңында ұзын-сонар кезек. Астаналықтар бір жыл бойы атуға жететін отшашуды айналдырған 3-4 күнде сатып алып жатыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Пиротехника сататын дүңгіршектің алды ұзынсонар кезек. Астаналықтар отшашу алу үшін сағаттап күтуге дайын. Бағасының қымбаттығына да қарайтын емес. Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарқанға қажет азық-түлік бағасының көтерілгеніне шағымданса да отшашуға кезектің азаяр түрі жоқ. "24kz" телеарнасының ақпаратынша, олардың бағасы бірнеше жүз мың теңгеге дейін жетеді. Соған қарамастан бірнеше отшашу алып жатқандар да бар.

"Отшашулардың құны 500 теңгеден басталып, 200 мың теңгеге дейін барады. Баға атылу саны, көлеміне қарай өзгереді",- деді кәсіпкер Измир.

Елордада отшашу сататын 66 ресми сауда орыны бар. Бүгінде олардың тауарына сұраныс жоғары. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын сақтау да керек. Сондықтан құтқарушылар сауда орындарында арнайы рейдтер жүргізеді. Осы уақытқа дейін екі жүзге жуық әкімшілік хаттама толтырылды.

"Полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдке шығамыз. Заң бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылады. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау және заңсыз сату деректері бойынша 180-нен астам хаттама түзілді. Рейдтер күн сайын, әсіресе жаңа жыл қарсаңында күшейтілген режимде жүргізіледі".Елдос Зияда, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы

Құтқарушылар барша қазақстандықтарды кез келген отшашу түрін, тіпті бенгаль оттарын қолданғанда барынша сақ болуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды