Елорда тұрғындарының өтінішін қабылдайтын қосымша 1 қаңтардан бастап жұмыс істемейді

Сурет: pexels
Астана қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығы 2026 жылы 1 қаңтарда тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап iKOMEK109 қолданыстағы мобильді қосымшасы арқылы өтініштерді қабылдау қаланың цифрлық сервистерін жаңғырту аясында уақытша тоқтатылатыны хабарланады.

"Жаңартылған мобильді қосымша іске қосылғанға дейін өтініштерді iKOMEK109 Telegram чат-боты арқылы, 109 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып (қалалық және ұялы телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-тың Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдай аласыздар", делінген орталықтың Telegram арнасында.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.

Бұған дейін енді электросамокат иелеріне міндетті сақтандыру мен тіркеу нөмірін алу талап етілетіні хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды