"Қазгидромет" мәліметі бойынша, тек елдің оңтүстік-батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қар мен боран күтіледі, ал батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең күшті жауын-шашын болуы мүмкін.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман, мұздау және желдің күшеюі байқалады.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа циклон 3–5 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына түсіп, ауа райын күрт өзгертеді деп болжануда.