Астана – Петропавл тасжолындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Сурет: instagram/kokshe_city_03
Әлеуметтік желіде Астана – Петропавл тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы kokshe_city_03 парақшасында жарияланды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты бүгін, 2026 жылғы 8 қаңтарда, Астана – Петропавл автожолында болған. Toyota Camry және Shacman маркалы көліктер соқтығысқан.

"Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 2001 жылы туған жеңіл көлік жүргізушісі және оның үш жолаушысы – 1962, 2008 және 2011 жылы туған азаматтар оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді.

"Жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болып, өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігін сақтаңыз", - деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды