Қызылордада бір күнде екі көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: видео скрині
Қызылордалық полицейлер бір күнде екі көлікті ұрлап кеткен күдіктіні қолға түсірді. Оның Сырдария ауданының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Қызылорда қаласының 30 жастағы тұрғыны дүкен жанында көлігін оталдырған күйі қалдырып, аз уақытқа сыртқа шығып кеткен. Күдікті осы сәтті тиімді пайдаланған. Иесі қайтып оралғанда көлігінің жоқ екенін байқап, бірден полицияға жүгінген.

"Полиция жедел әрекет етті. Ұрлық туралы барлық патрульдік экипажға хабар беріліп, бейнебақылау камералары арқылы көліктің қала сыртына бағыт алғаны анықталды. Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тас жолда тоқтатып, 22 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның сол күні тағы бір автокөлікті ұрлағаны белгілі болды. Күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Көлікті оталдырған күйде қараусыз қалдырмаңыздар. Бұл құқық бұзушылар үшін ыңғайлы сәтке айналуы мүмкін", - деп ескертті полиция.
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі