Ақтөбе облысында полиция мұражайы сирек тарихи қарумен толықты

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе облысы полиция департаментінің музей экспозициясы 1895 жылы жасалған немістің ағаш қын-қобурасы бар Маузер тапаншасымен толықты.

Бұл атыс қаруы ХІХ ғасырдың соңы кезеңіндегі қару жасау ісінің дамуын айқын көрсететін, тарихи маңызы зор ерте үлгілердің бірі.

Аталған раритет тапанша 2025 жылы Атырау қаласының тұрғынынан "Алимбет" бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекарадан заңсыз алып өтпек болған кезде тәркіленген. Жедел іс-шаралар барысында азаматтың қаруды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сақтағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралды. Сот шешімімен күдікті кінәлі деп танылып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Тарихи-мәдени құндылыққа ие зат ретінде тәркіленген тапанша Ақтөбе облысы полиция мұражайына тапсырылды.

Қазіргі таңда бірегей экспонат музей экспозициясынан лайықты орын алып, экскурсиялық және танымдық бағыттағы жұмыстарда пайдаланылуда. Ол келушілерге атыс қаруының даму тарихын ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының заңсыз қару айналымына қарсы жүргізіп отырған жұмыстарының нәтижесін де айқын көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады