Белгілі журналист Дәулет Ізтілеу өмірден өтті

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Дәулет Ізтілеудің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салалық министрліктің көңіл айту хабарламасы 2026 жылы 12 қаңтарда әлеуметтік желідегі парақшада жарияланды:

"Дәулет Ізтілеу – өз ісіне адалдықты ту еткен, кәсіби мәдениеті жоғары журналист еді. Ол кәсіби жолында "Қазконтент" АҚ-ның e-history порталында, "Елорда инфо" ақпарат агенттігінде тілші болып еңбек етті. 2018 жылдан бастап "Kazinform" халықаралық ақпарат агенттігінде қызмет етіп, қоғам үшін маңызды тақырыптарды талдап, ақпарат кеңістігінде өз қолтаңбасын қалдырды. Ардақты жанның жарқын бейнесі әріптестері мен замандастарының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!".

Бұған дейін халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті