Қазақстанның 16 қаласында танымал зертхана бәсекелестікті бұзғаны үшін әшкереленді

Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы бойынша департаменті INVIVO брендіне лицензиясы бар "INVIVO Business" ЖШС қызметінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік мәліметінше, компания зертханалық қызмет көрсету нарығындағы субъектілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) келісім-шарттарын жасаған.

Бұл келісім-шарттар бойынша франчайзинг тоқтатылғаннан кейінгі 24 ай ішінде бәсекелестерімен ынтымақтастыққа тыйым салынған. Нәтижесінде, елдің 16 қаласындағы нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасалған.

БҚДА атап өткендей, "INVIVO Business" компаниясы антимонополиялық органның ескертуін өз еркімен орындап, бәсекелестікті шектейтін нормаларды келісім-шарттардан алып тастаған. Осы шаралар арқылы зертханалық қызмет көрсету нарығындағы 143 субъектінің құқықтары қорғалды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы 12 қаңтарда БҚДА Ресей темір жолдарының филиалы монополиялық тарифтер үшін жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды