Алматыда 30 миллион теңгеге жуық қарақшылық шабуыл жедел түрде ашылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында полиция қызметкерлері шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген қарақшылық қылмысты ізін суытпай әшкереледі. Қылмыс күндізгі уақытта жасалған.

Белгісіз тұлға күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні байлап, зергерлік бұйымдар, бағалы мүлік пен ақшалай қаражатты алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді.

Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бұл қылмыстың ашылуы – іске жұмылдырылған барлық бөлімшелердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесі. "Заң мен тәртіп" қағидаты біз үшін жай ұран емес, күнделікті қызметтің басты талабы. Ауыр қылмыстардың ешқайсысы жауапсыз қалмайды, ал әрбір жәбірленуші мемлекет пен полицияның өз жағында екеніне сенімді болуы тиіс", – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін