"Келесі үш тәулікте атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде қар, жергілікті боран және желдің күшеюі күтіледі. Елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қатты қар жауады", – делінген болжамда.
Қазақстан бойынша тұман болады, ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында – мұздану қаупі бар.
"22 қаңтарда Солтүстіктен келген суық антициклон республиканың солтүстік бөлігіндегі ауа температурасына әсер етеді. Сол аймақтарда түнде -25…-38°С, күндіз -20…-30°С болады. Ал Қазақстанның батысы, оңтүстік-батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: күндіз оңтүстік аймақтарда -5…+3°С, таулы аймақтарда -8…-13°С, ал батыс аймақтарда -5…-13°С болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктер 2026 жылғы 19 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын бұған дейін жариялаған еді.