Көкөніс пен жеміс-жидек, ет пен сүт: Елордада азық-түлікті қайдан және қашан тиімді бағамен сатып алуға болады

Фото: Zakon.kz
Астанада алдағы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Елорда әкімдігінің ақпаратынша, қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет сүт, нан өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және өзге де тауарларды сатып ала алады.

Іс-шара 24 және 25 қаңтар күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін "Keryen Joly" сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке маңынан № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдің бірқатар тауарларын елге кіргізуге шектеу енгізілетінін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді