Балаларды Түркияға апаруы керек болған продюсер сот алдынан бір-ақ шықты

Фото: Zakon.kz
Алматылық продюсер "Балаңызды Түркияға байқауға апарам" деп 500-ге жуық ата-ананы сан соқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Astana.TV" телеарнасының ақпаратынша, ол былтыр инстаграм парақшасында жарнама жасап, талантты жеткіншектерді Түркияда өтетін "Eurasia Star" байқауына қатыстырамын деп, қаржы жинаған. Бірақ жарыс түгілі, шетелге шығатын билет те алынбапты. Қоғамда үлкен шу болған іске қатысты сот процесі басталды.

Балаңызды жұлдыз қылам деп, жоқ болған продюсердің ата-аналарға берешегі 100 миллион теңгеден асып кеткен көрінеді. Қатысушылар 200 мың мен 1 миллион теңге арасында төлем жасаған. Жоспар бойынша, балалар былтыр мамыр айында Түркияға жол тартуы тиіс еді. Алайда, ата-аналар продюсердің ұшаққа билет алмағанын өнерпаздардың сахналық образдары да, чемодандары да дайын болған уақытта бір-ақ естіген. Арыз жазған, күдікті үй қамағына алынған.

Күдіктінің адвокатының сөзінше, Лариса Жұмаева 2018 жылдан бері продюсерлікпен айналысып келген. Бұған дейін шетелдік байқауларға қатысып, топ жарған балалар да жетерлік. Ал, бұл жолы Түркияда болған жер сілкінісі мен ауа райының қолайсыздығы салдарынан жарыстар кейінге қалып жүрді, – деп түсіндірді қорғаушы.

Алғашқы сот отырысына қатыса алмай, сыртта телміріп күткен жәбірленушілер күдіктіні осылай шығарып салды. Зардап шегушілердің айтуынша, жазылған 95 арыздың барлығы түгел қаралмаған көрінеді. Сондықтан олар шағымдарды бастан-аяқ қайта қарауды талап етуде. Соттан әділ шешім күтеді.

Бұған дейін Халыққа төленетін бірқатар әлеуметтік төлемдер өскенін жазғанбыз.

Түркия
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді