Қазақстандық мұғалім әлемнің үздік ұстаздарының қатарына енді

Фото: freepik
Алматыдағы №95 мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize 2025-2026 халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік 50 педагогінің қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық ұйымнан келген ақжолтай хабарды 2026 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.

Татьяна Белоусова – педагог-шебер, "Қазақстанның үздік ұстазы – 2024" құрметті атағының иегері.

Белгілі болғандай, оның кандидатурасы сауалнама мен қосымша материалдарды тапсырудан бастап, сараптамалық бағалау және финалдық іріктеуге дейінгі көпсатылы кезеңнен өтті.

Әлемнің ең үздік 50 мұғалімінің ресми тізімі 2025 жылы 15 желтоқсанда Global Teacher Prize ресми сайтында жарияланды.

Финалистерді марапаттау рәсімі 2026 жылы 1-5 ақпан аралығында Дубайда халықаралық білім беру форумы аясында өтеді.

Бұл ретте, Қазақстан Global Teacher Prize байқауына бесінші рет қатысып отыр. Осы уақытқа дейін ел өкілдері, биылғы іріктеуді қосқанда, үш мәрте әлемнің үздік 50 педагогінің қатарына енген.

Бұған дейін АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ерекше ұсыныс жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады