Қазақстандағы ЖЭО қыста жүктеменің артуына дайын ба

Алматинская ТЭЦ-1, Алматинская ТЭЦ 1, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 14:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, биыл қыста жылу электр орталықтарына (ЖЭО) түсетін ең жоғары жүктеме өткен жылыту маусымымен салыстырғанда шамамен 3%-ға артады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр бұл туралы 2026 жылғы 10 қарашада Үкіметте өткен брифингте айтты

"ЖЭО мұндай жүктемені көтере алады. Апат санын азайту және жылу электр орталықтарының жұмысын жақсарту үшін көп жұмыс атқардық. Ең жоғары жүктеме 18 200 мегаватқа жетеді деп күтеміз. Қазір станцияларымыз қалыпты жұмыс істеп тұр. Мысалы, екі күн қатарынан Ресейге электр энергиясын жеткіздік. Алдыңғы күні 120 мегаватт, кеше шамамен 70 мегаватт бердік", – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, бұл Қазақстанның қазір электр энергиясына ішкі сұранысты кешкі тұтыну ең жоғары деңгейге жеткен кезде де өтеп отырғанын көрсетеді.


"Қазақстан өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге жақындап қалды. Келесі жылы өндірілетін электр энергиясы тұтыну көлемінен 1,5 млрд киловатт-сағатқа артық болады деп күтеміз", – деді министр.

Жылыту маусымының басталуына байланысты Премьер-министр Олжас Бектеновтің қандай тапсырмалар бергені туралы Zakon.kz материалынан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: