Алматыда егде жастағы науқастарға наркозсыз жүрек қақпақшасын ауыстыру отасы жасалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қалалық кардиология орталығында транскатетерлік имплантация (TAVI) әдісімен аорталық қақпақшаны ауыстыру бойынша екі жоғары технологиялық ота сәтті жүргізілді.

Аз инвазивті араласу аорталық қақпақшаның критикалық стенозы диагнозы қойылған 72 және 77 жастағы пациенттерге жасалды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Бұл отаның басты ерекшелігі – жалпы наркоздың қолданылмауы. Науқастар есін сақтап, ота барысын жеңіл көтерді. Мұндай тәсіл асқыну қаупін едәуір азайтып, сауығу үдерісін жеделдетеді. Бұл, әсіресе, қосымша сырқаты бар егде жастағы адамдар үшін өте маңызды.

Аорталық қақпақшаның критикалық стенозы кезінде жүрек сол жақ қарынша мен қолқа арасындағы қысымның шамадан тыс айырмашылығына байланысты ауыр жүктеме түседі. Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, бұл жүрек бұлшықетінің әлсіреп, жиырылу қабілетінен айырылуына әкеледі.

Интервенциялық кардиолог Оразбек Саховтың айтуынша, миокардтың қалпына келу мүмкіндігі әлі сақталған сәтті өткізіп алмау аса маңызды.


"Ауру асқынып кеткен жағдайда, қақпақшаны сәтті ауыстырғанның өзінде жүректің бұрынғы қалпы мен қызметін толық қалпына келтіру әрдайым мүмкін бола бермейді", – дейді маман.

Ота кеуде қуысын ашпай жасалады: қақпақша сан артериясы арқылы жүрекке жеткізіліп, рентген және ультрадыбыстық бақылаумен орнатылады. Кардиология орталығында мұндай жоғары технологиялы оталар үш жылдан астам уақыт бойы сәтті жүргізіліп келеді. Осы кезеңде 80-нен астам күрделі ота жасалған.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды