Ақтаудағы сауда орталығында жасөспірімдер қызды аяусыз соққыға жыққан

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде сауда орталығында жасөспірімдер арасында болған төбелестің видеосы тарады. Пікірлерде Ақтаудағы оқиға салдарынан бір қыз зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгені айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz порталының мәліметінше, төбелес 25 қаңтар күні кешке түсірілген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қыз фотобудкада суретке түсіп тұрған кезде бір топ ұл бала оған кедергі жасай бастаған. Жасөспірімдер ішіне кіріп, перделерін тартып, жанжал туындатқан. Көп ұзамай жағдай ушығып, төбелеске ұласқан. Соның барысында қызды топ болып соққыға жыққан. Оқиғадан кейін зардап шеккен жасөспірім медициналық мекемеге жеткізілді.

Бұл оқиғаға қатысты өңірдегі полиция департаменті түсінік берді. Белгілі болғандай, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген.

"Кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Оқиғаның мән-жайы мұқият зерттеліп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды. Кәмелетке толмағандардың бірінің анасы бала тәрбиесі мен оны оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға қарау және тиісті шара қабылдау үшін жолданғаны нақтыланды. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылған, онымен және оның отбасымен жұмыс жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек