Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтер еңбек етеді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде Қазақстан "волонтер болам, қоғамдық іспен айналысам" деген әрбір азаматты қолдайтындығын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұрғанын айтты.

"Еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты",- деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеріп жүргенін де айтты.

"Соның ішінде "Жас ағаш", "Эко бақылау", "Білім волонтерлері" жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол. Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын. Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды. Сондықтан еріктілер қозғалысын дамытуға қатысты бірнеше өзекті міндетке тоқталайын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы еріктілер – қоғам игілігі үшін адал еңбек ететін жастар екенін айтқан болатын.

Қазақстан
Астана
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды