Қазақстан азаматтығын автоматты түрде жоғалтатын жағдай анықталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 2 ақпанда қазақстандықтарға шетелдік өкілдіктер мен елшіліктерде Қазақстан азаматтығын жоғалтуын тіркеу туралы заңнамалық өзгерістер еске салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы үшін өзге мемлекеттің азаматтығы танылмайтынын хабарлады.

Яғни, шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты шетел мемлекетінің азаматтығын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін тапсырылуы тиіс, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңына шетел мемлекетінің азаматтығын алуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын және шетел мемлекетінің азаматтығын алған азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Елшіліктері мен шетелдегі мекемелеріне жүгінуге міндетті.

Елшіліктер мен шетелдегі мекемелердің қызметкерлері азаматтардан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу туралы өтініштерді қабылдайды және тиісті тексерулер жүргізілгеннен кейін оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматтығының жоғалғаны туралы анықтамалар шетелдегі мекемелердің қызметкерлері арқылы беріледі, – деп түсіндірді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан тұрақты тұруға шығу рәсімі заңмен реттелетінін және тиісті құжаттарды ресми рәсімдеудің қажет екенін хабарлаған болатын.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды