"Халық бухгалтері" акциясы: қашан және қайда өтеді

Сурет: Zakon.kz
Елімізде 5 қаңтардан бастап республикалық ауқымдағы "Халық бухгалтері" акциясы басталды. Іс-шара кәсіпкерлерді қолдауға, сондай-ақ бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша ҚР жаңа Салық кодексінің нормаларын нақты әрі тәжірибе түрінде түсіндіру, сондай-ақ бақылау моделінен салық төлеушілерге сервистік қолдау көрсетуге көшу мүмкіндіктерін көрсету.

Шараны өткізу алаңы – мемлекеттік кірістер органдарының аудандық басқармалары. Кеңестерді жоғары білікті бухгалтерлер мен аудиторлар, сондай-ақ бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері жүргізеді. Сонымен қатар, заңнама талаптарын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері де тартылған.

Алматыда кеңес алу кестесі: күндері мен уақыты

Кеңестер аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ұйымдастырылады. Алматы қаласында кеңестер келесі мекенжайларда өтеді:

Астанада кеңес алу кестесі: күндері мен уақыты

"Халық бухгалтері" – жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын, орта және ірі бизнес субъектілеріне арналған тегін кеңес беру жобасы.

"Бетпе-бет пікір алмасу түрінде өтетін жыл сайынғы жеке кеңестердің тиімділігі жоғары екенін көрсетіп отыр. Жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізу, салық есептілігін тапсыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу жөніндегі нақты, тәжірибелік сауалдарына жауап алады. Азаматтарды жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану талаптарына бейімдеуге ерекше мән беріледі", – деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Қазақстан азаматтары үшін республикалық акцияның ұйымдастырылуын жеңілдету және оның мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алу мақсатында "Халық бухгалтері" республикалық әлеуметтік акциясына" арналған арнайы сайт мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленді.

Сайтта мамандардан қандай ақпаратты тегін алуға болатыны туралы нақты нұсқаулық берілген:

"Халық бухгалтері" акциясын ҚР Қаржы министрлігі мен Zakon.kz желілік басылымы бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан
Алматы
Халық бухгалтері
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды