Маңғыстау облысында есірткіні жарнамалайтын 125 интернет-ресурс бұғатталды

Сурет: ҚР ІІМ
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қаңтар айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын шығарды.

Өткен айда өңірде заңсыз есірткі айналымына байланысты 36 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 12 есірткі қылмысы тіркелді.

Сонымен қатар есірткі заттарын өткізу бойынша – 24 дерек, есірткі заттарын сақтау бойынша – 8 дерек және есірткі немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндіру бойынша бір дерек анықталды.

Жалпы заңсыз есірткі айналымына қатысты 24 теріс қылық тіркелді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 940 грамм есірткі тәркіленді.

Оның ішінде 515 грамм марихуана, 25 грамм синтетикалық есірткі, 30 дана тропикамид, 397 грамм героин және 3 грамм апиын бар. Қылмыстық істер аясында 12 адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Есепті кезеңде 83 алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылып, оған жастар мен еріктілерді қоса алғанда 6 мыңға жуық азамат қатысты.

Ақтау қаласының қоғамдық орындарында есірткіні насихаттайтын 40 граффити жазуы анықталып, жойылды. Сонымен қатар есірткі және олардың аналогтарын жарнамалайтын әрі таратумен айналысқан 125 интернет-ресурс бұғатталды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс