Алматыда коммунальдық қызметтер тәулік бойы қар тазалап жатыр. 6 ақпан күні Алматыда 6 см, ал таулы аймақтарда 10 см қалыңдықта қар жауды.
"Осыған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Қар тазалау жұмыстарына 2,2 мың жол саласы жұмысшысы мен 1,3 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Механикаландырылған тазалау жүргізіліп, көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Таулы өңірлерде қар тазалауға арналған үш арнайы колонна жұмыс істеп жатыр". Алматы қаласының әкімдігі
Жұмыс тәулік бойы атқарылып жатыр.
Қар тазалау мәселесі бойынша тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдауы — Open Almaty-ге 1308 нөмірі арқылы немесе Instagram желісіндегі @openalmaty парақшасы арқылы хабарласа алады.
Бұған дейін бүгін елімізде екі қалада ауа сапасы нашарлайтыны хабарланған.