Астанада SOS дабыл түймелері тиімді жұмыс істеуде

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада қоғамдық орындарға орнатылған "SOS дабыл түймелері" қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.

2026 жылдың басынан бері осы жүйе арқылы полицияға үш жедел өтініш келіп түсті. Мәселен, жуырда "Кенесары хан" ескерткіші маңында 7 жастағы қыз адасып кеткені жөнінде полицияға "SOS түймесі" арқылы жедел хабарлама жолдады.

Хабар түскен сәтте оқиға орнына жедел жеткен жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлері қыз баланы тауып, тыныштандырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Кейін оның ата-анасын тауып, жеткіншекті оларға аман-есен табыстады.

Полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп отырады.

Ата-аналарға балаларын қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмау, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және SOS қызметі туралы алдын ала айтып қою ұсынылады.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, қажет болған жағдайда "SOS түймесін" белсенді қолдануға шақырады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды