Қазақстанда көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың жаңа мөлшері белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы қаңтар айында мемлекеттік жәрдемақыларды орта есеппен 875,2 мың адам алған. Жалпы төленген қаражат көлемі 56,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Zakon.kz сайтына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы 627,4 мың отбасыға тағайындалып, жалпы сомасы 49,2 млрд теңге болды. Ал наградталған аналарға төленетін жәрдемақыны 247,8 мың адам алып, оған 7,3 млрд теңге жұмсалған.

Ведомствоның түсіндіруінше, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыға бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болып белгіленді.

Осыған байланысты 2026 жылы көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері балалар санына қарай төмендегідей болды:

Сонымен қатар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ "Ана даңқы" I және II дәрежелі ордендерімен наградталған аналарға арнайы жәрдемақы қарастырылған.

Наградталған аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

Министрлік қосымша нақтылағандай, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға арналған барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға артты.

Айта кетейік, 9 ақпанда Ақордада Қазақстанның еңбек нарығы мен зейнетақы жүйесінің болашағы талқыланды. Сол кезде Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне жаңадан тағайындалған Асқарбек Ертаевты қабылдады. Министр Президентке ел тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті