Алматыда Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленуде

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Бостандық ауданында дәстүр мен шеберлікті, ұлттық болмысты тоғыстырған ауқымды мәдени жоба жүзеге асырылуда.

Аудан әкімдігінің қолдауымен "Қазақ аналары" әжелер қауымдастығы ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақты дайындауға кірісті. Жоба нәтижесі Гиннестің рекордтар кітабына тіркеуге ұсынылмақ.

Сырмақ дәстүрлі басу және тігу технологияларын сақтай отырып, толықтай қолмен жасалуда. Ою-өрнектерде қазақы нақыштың классикалық үлгілері пайдаланылып, әр тұсында ұрпақ сабақтастығы, қолөнерге деген құрмет пен ұлттық мұраны сақтауға деген ұмтылыс көрініс табады.

Бұл бастама көлемімен ғана емес, мазмұндық мәнімен де айрықша. Жоба ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеуге, аға буынның қоғамдағы рөлін нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Сырмақты аяқтау 21 наурыз — Наурыз мерекесіне жоспарланған. Осы күні бірегей туынды көпшілік назарына ұсынылып, қазақ мәдениетінің бірлігі мен байлығын, шеберлік дәстүрінің өміршеңдігін айшықтайтын нышанға айналмақ.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды